Ауа райына байланысты 5 облыста жол жабылды

319

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.  

Ауа райына байланысты 5 облыста жол жабылды Фото: azh.kz

Ақтөбе облысында – 1 учаске

"Самара-Шымкент" 776-965 км, "ЭКО Ойл" ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Жетісу облысында – 1 учаске

"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске

"Орал-Тасқала- РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. 100 км. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында – 1 учаске

 "Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл.шек – Арқалық қ. – 83 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске

"Жезқазған-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. – 115 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Соңғы мәліметтер бойынша республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 769 бірлік техника және 1570 жолшы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу