9 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абай облысында – "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Жетісу облысының шекарасы).
– "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы "Алматы – Өскемен" автожолынан – Үржар а.).
Атырау облысында – "Атырау – Орал" автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы – Махамбет ауылы);
Шығыс Қазақстан облысында – "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы).
Жетісу облысында – "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысында – "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін)
Қостанай облысында – "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін);
Ұлытау облысында – "Жезқазған – Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
"Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды", – делінген ҚазАқтоЖол хабарламасында.