Алматы халықаралық әуежайына бірнеше ұшақ бірден қона алмады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Air Astana компаниясының мәліметінше, KC 932 Бангкок-Алматы рейсін орындаған ұшақ найзағай мен желдің күшеюінен байланысты айналып келуге мәжбүр болды. Екінші рет жасаған әрекетінде әуе кемесі штаттық режимде қонды.
FlightRadar қызметінің хабарлауынша, Шарджадан Air Arabia G9 251 және Ташкенттен Air Astana KC 128 рейстері де қона алмай жүрген. Соның салдарынан БАӘ-ден ұшатын рейс сәл кешіктірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу