Ауа райына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешігіп жатыр

141

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы мәлімдеді.  

Ауа райына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешігіп жатыр Фото: istockphoto.com

Бүгін әуежайдан 79 рейс ұшып шығуы және 78 рейс келуі жоспарланған.

Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейс мәртебесін әуе тасымалдаушылардан нақтылап, онлайн-табло арқылы жаңартуларын бақылап отыруға кеңес береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақыттағы ақпарат бойынша, 10 рейс қонуға, ал екі рейс ұшып шығуға кешігіп жатыр. Оның негізгі себебі – күрделі метеожағдай.

Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу