Қатты аяз бен бет қаратпас боран салдарынан Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жол жабылды. Көліктер Астанадан шалғай жерлерге апаратын тас жолдармен жүре алмайды.
"Қазақавтожолдың" хабарламасына сай, Шығыс өңірде ауа температурасының -35 градусқа төмендеуіне байланысты Павлодар облысында "Омбы-Майқапшағай" автожолының дизельді және қоғамдық көліктерге арналған бөлігіне шектеу енгізілді. Сондай-ақ, ат құлағы көрінбес ақ түтек кесірінен Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау трассасымен және "Жезқазған- Петропавл" автожолымен қозғалысқа тыйым салынды. Ал жүк тасымалдау және қоғамдық көліктер үшін "Қызылорда -Павлодар", "Екатеринбор-Алматы" автожолы жабық тұр.