Ауа райына байланысты Астанада қала маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды

990

Ауа райына байланысты Астанада қала маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "Астана LRT" ЖШС-не сілтеме жасап.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қоғамдық көлік бағдарларының қозғалысы жаңартылған кезде, халық міндетті түрде ақпараттандырылатын болады", - делінген "Астана LRT" ЖШС-ның хабарламасында.

Қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының тоқтатылғандығын "Қазавтожол" РМК-ның ахуал орталығы хабарлап отыр.

"Дизельдік отындағы көліктер мен қоғамдық көліктер үшін Астанадан барлық бағыттардағы жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Осыған орай, ауа райының аязды болуы себебімен қала маңына қатынайтын барлық автобус бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Аталмыш бағдарлар қозғалысының жаңартылғындығы жөнінде кейін хабарлайтын боламыз", - деп жазылған таратылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу