"3 қаңтар сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауынан (желдің күшеюі, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар "Екатеринбург - Алматы" автожолының (1003 – 1247 км аралығы) "Астана қаласы – Атбасар қаласы" учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды", - делінген 109 IKomek қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, кеше кешке Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарындағы бірқатар автожолда көлік қозғалысына тыйым салынған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу