Ауа райына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

245

Абай облысында қарлы боран соғады.

Ауа райына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды Фото: freepik.com

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпанда Қостанай, Қызылорда облыстарында тұман түседі.

Түркістан облысында көктайғақ, тұман, екпінді жел болады.

Абай облысында қарлы боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-18 м/с, қатты аяз 42 градусқа жетеді.

Семей, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа райы қолайсыздығының екінші дәрежелі ескертуі күшінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу