Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыстағы тас жолдар жабық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда төмендегі жолдар жабық тұр:
Ақмола облысы
Жезқазған – Петропавл тас жолы (377-440 шақырым);
Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолы (16-200 шақырым);
ШҚО
Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тас жолы (707-941 шақырым);
Қарағанды облысы
Жезқазған-Петропавл тас жолы (142-252 шақырым);
Қостанай облысы
Жезқазған – Петропавл тас жолы (252-340 шақырым). Мұнда көліктің барлық түріне жолда жүруге шектеу қойылды;
Жезқазған – Петропавл тас жолы (340-377 шақырымы);
Павлодар облысы
Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолы (200-254 шақырым).
Сондай-ақ бүгінде республикалық маңызы бар жолдарды 600 арнайы техника қардан тазалап жатыр.
"Оның ішінде жол тазалайтын көліктер, тиегіштер, автогрейдерлер, жүкті өзі түсіретін көліктер (самосвал), тракторлар бар. Сондай-ақ жолдарда 1 300-ге жуық жұмысшы еңбек етуде", – деп жазылған хабарламада.
Сонда-ақ көктайғақ болмас үшін жолдарға шамамен 4 мың тонна құм-тұз қоспасы себілген.
Биыл 19-24 наурыз аралығында Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдарда 86 рет қозғалыс шектелген.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жолда төтенше жағдай туындаса, 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болатынын еске салады.