Ауа райына байланысты бірнеше автожол жабылды

636

Қазіргі уақытта "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-235 шақырымындағы Нұр-Сұлтан-Шідерті аралығында көлік қозғалысына шектеу бар.  

Ауа райына байланысты бірнеше автожол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы ұзындығы 839 шақырым 4 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, ШҚО аумағында "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" жолының 105-123 шақырымындағы Шемонаиха-Ресей шекарасы учаскесінде жол жабық.

Сонымен қатар, "Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара" жолының 0-324 шақырымындағы Қалқаман мен Ботақара аралығында көліктердің жолға шығуына уақытша тыйым салынды.

Мұнымен қоса, "Ленинский-Ертіс-Русская поляна" жолының 0-278 шақырымындағы Ленинский-РФ шекарасы аралығында да қозғалысқа шектеу қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу