2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 20:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 445–595 шақырым аралығы, яғни Державинск қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Солтүстік Қазақстан облысында осы бағыттағы автожолдың 595–671 шақырым аралығында, Ақмола облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейінгі учаскеде де барлық көлік түріне қозғалыс шектелді.
Сондай-ақ 15 желтоқсан сағат 22:00-ден бастап Ақтөбе облысында "Ақтөбе – РФ шекарасы" автожолының 39–136 шақырым аралығында, Ш.Қалдаяқов елді мекенінен Әлімбет ауылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Осы уақытта Қостанай облысында да қолайсыз метеожағдайға байланысты "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 108–218 шақырым аралығында, Әулиекөл елді мекенінен Октябрьский елді мекеніне дейінгі учаскеде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.
Барлық аталған жол учаскелерін 2025 жылғы 16 желтоқсан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жол жағдайына қатысты қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.