Ауа райына байланысты бірнеше жолда шектеу қойылды

105

24 қарашада бірқатар өңірде жолдарда қозғалыс шектеуі сақталып отыр.  

Ауа райына байланысты бірнеше жолда шектеу қойылды Фото: uralskweek.kz

Ал енді бір өңірде ауа райының жақсаруына байланысты жылдамдық режимі көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазавтожол" ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 23 қарашада сағат 11:00-де Ақмола облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол бекеті)" автожолының 19-231-шақырымында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 80 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа өзгертілді.

3 облыстағы жолдарда қозғалыс бойынша шектеу әлі де бар:

Павлодар облысы

  • "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
  • Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке "Қалқаман – Ақсу" көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс "Баянауыл" көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы

  • "Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы" автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

  • Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Бүгін Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу