Ауа райына байланысты Бурабайдан Астанаға 200 жолаушы электрпойызбен жеткізілді

884

Ауа райына байланысты Бурабайдан Астанаға 200 жолаушы электрпойызбен жеткізілді

22 қаңтар күні Астана-Щучье автожолының ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылуы салдарынан Астана-Бурабай курорты бағыты бойынша қатынайтын электрпойызда жүктеме артып кетті. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Щучье-Бурабай курорттық аймағына көлікпен келген адамдарды барынша көп көлемде тасымалдау үшін оларды Астанаға электрпойызбен жеткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша 200 жолаушы елордаға жөнелтілді", делінген хабарламада.

"Қала маңы тасымалы" АҚ басшылығы қалыптасқан жағдайға байланысты жолаушылардан түсіністік танытуды және уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу