Бұл туралы inbusiness.kz Қазавтожолға сілтеме жасап хабарлайды.
Абай облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және "Өскемен-Семей" тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және "Өскемен-Семей" тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.