Ауа райына байланысты екі облыста ескерту жарияланды

765

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Ауа райына байланысты екі облыста ескерту жарияланды

Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

"29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95%", - делінген хабарламада. Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу