Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді

643

Тиісті ақпаратты Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратты.  

Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді Фото: gov.kz

Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығына (қар, боран, көрінудің шектелуі) байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының Кенен ауылынан Благовещенко ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді. Көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асуда.

Жетісу облысында ауа-райының қолайсыздығына (боран, көрінудің шектелуі) байланысты "Үшарал-Достық" күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу