"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол. (қар көшкіні қаупіне байланысты) "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а.-Рахман қайнары. Автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол. (боран, шектеулі көрініс) "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады). Автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.