Ауа райына байланысты еліміздің үш облысында жол жабылды

508

Бұл туралы QazAvtoJol хабарлады.  

Ауа райына байланысты еліміздің үш облысында жол жабылды Фото: 24.kz

Ақтөбе, Қарағанды ​​және Қостанай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп жазады inbusiness.kz.

  • Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай тас жолында (89-234 шақырым, Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске) ​​көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
  • Қарағанды ​​облысында Екатеринбург-Алматы тас жолында (1610-1854 км, Ақсу-Аюлыдан Балқашқа дейінгі учаскеде) жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.
  • Қостанай облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай тас жолында (234-386 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі учаске) ​​көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу