Атап айтқанда, 28 ақпан күні сағат 09:30-да Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты келесі учаскелерде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды:
- "Қызылорда-Павлодар" күре жолының 967-1135 шақырымы, (Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы);
- "Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара" күре жолының 231-324 шақырымы (Ботақара кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі);
- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолының 17-217 шақырымы (Қарағанды қаласы-Қарқаралы қаласы учаскесі).
Сондай-ақ, бүгін сағат 09:30-да Павлодар облысында Қарағанды облысындағы ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі күре жолдарда көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа тыйым салынды:
- "Кызылорда-Павлодар" тасжолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы – Бозшакөл кенті учаскесі;
- "Калкаман-Баянауыл-Керней-Ботақара" күре жолының 138-231 шақырымы, Баянауыл ауылы-Қарағанды облысының шекарасы.
28 ақпан сағат 10.30-дан бастап Нұр-Сұлтан қаласында екпінді жел мен боранға байланысты "Екатеринбург-Алматы" трассасының 1291-1426 шақырым аралығы (Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы аралығындағы жол учаскесі) жабылды.