Өткен тәулікте темір жолдың барлық учаскелерінде 70-тен астам вагон тіркеліп, қосымша 5 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Теміржолмен жолаушы тасымалына сұраныстың артуына байланысты, жолаушыларды діттеген жерге жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып отыр.
Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқа да қызметтерінің басшыларынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу