Пхенчхандағы Олимпиаданың жарыс кестесі өзгерді

955

Пхенчхандағы Олимпиаданың жарыс кестесі өзгерді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем додасының кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қазақстандық шаңғышылар жарыс жолына шығуға тиіс еді. Алайда Олимпиада қалашығында желдің қатты соғуынан жарыстар 15-16 ақпанға ауыстырылды.

FIS баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін желдің жылдамдығы сағатына 72 км дейін жетеді деп болжануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін жарыс жолына шаңғышыларымыз шығатындығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу