ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жамбыл облысы:
2025 жылғы 31 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)" автожолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 1 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысы:
2025 жылғы 31 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас" автожолының 383-900 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Сәтбаев қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 1 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.