Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Павлодар облысы:
Бүгін сағат 11:30-да республикалық маңызы бар "Қызылорда–Павлодар" 1135-1367 шақырым аралығында (Қарағанды обл. шекарасынан Атамекен ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қарағанды облысы:
Сағат 11:30-да республикалық маңызы бар "Қызылорда–Павлодар" 1066-1135 шақырым аралығында (Павлодар обл.шекарасынан Молодежный ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ұлытау облысы:
Бүгін сағат 13:00-де республикалық маңызы бар "Жезқазған–Петропавл" 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай обл. шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды ашу 4 қаңтар сағат 07:00-ге жоспарланған.
Қостанай облысы:
Сағат 13:00-де республикалық маңызы бар "Жезқазған–Петропавл" 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау обл.шекарасынан обл. шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды ашу 4 қаңтар сағат 07:00-ге жоспарланған.