ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы 17 ақпан сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қостанай облысы:
"Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
– "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
– "Жақсы – Есіл – Бұзылық" автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай ауылы – Бұзылық ауылы);
– "Жезқазған – Петропавл" автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы – Сұрған ауылы).
Жолды 18 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.