Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысында – 2 учаске:
"Самара-Шымкент" 773-842 км, Беккұл Баба к.-Хромтау қ.;
"Қарабұтак-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-83 км, Қарабұтақ к.-Комсомольский к.
Атырау облысында – 2 учаске:
"Доссор-Кұлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" 126-210 км, Кұлсары к.-Маңғыстау обл. шек.;
"Атырау-Орал" 14-189 км, Алмалы а.-Аққала а.
Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске:
"Атырау-Орал" 189-371 км, Атырау обл.шекарасы-Чапаево а.
Қостанай облысында – 1 учаске:
"Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ.
Тақырыпқа орай: Президент қарлы боранда халыққа көмектескен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсынды
Маңғыстау облысында – 1 учаске:
"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" 210-332 км, Атырау обл. шек.- Бейнеу к.
Ұлытау облысында – 1 учаске:
"Жезқазган-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.