Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды

963

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды,деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.  

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды

3 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20 м/с-ға жетеді. Көкшетауда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Бұл күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай соғады.

Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

3 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Бұл күні Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

3-4 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, желдің күші 23-28 м/с-ға жетуі мүмкін. Таразда тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Бұл күні түнде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Атырауда түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.

3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Петропавлдаоңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Бұл күні Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде оның күші 15-20 м/с болады. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу