Ұлттық тасымалдаушы таратқан ақпаратқа сәйкес, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеулер қойылған көрінеді.
Қазіргі уақытта келесі пойыздар кешігуде:
- №3/4 және № 9/10 "Астана-Алматы",
- №45/46 "Павлодар-Түркістан",
- №51/52 "Алматы-Орал",
- №65/66 "Астана-Жезқазған",
- №71/72 және № 86/85 "Астана-Шымкент",
- №73/74 "Алматы-Жезқазған",
- №105/106 "Алматы-Петропавл.
Бұдан бөлек компания жолаушылар пойыздарының белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.
"Вокзалдарда жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы ақпарат таратылды. 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы ақпарат беріледі. Пойыз 3 сағаттан артық кешіккен жағдайда, "SMS-хабарлама" жіберіледі. +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірі бойынша жол жүру құжаттарын қайтару мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсетіледі, пойыз кешіккен әрбір сағат үшін жол жүру құжаты (билет) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді. Егер пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі", - делінген баспасөз қыметі таратқан хабарламада.
Компанияның мәліметінше, вокзалдарда тамақтану пункттерінің, сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда.