Бұл туралы ҚазАвтоЖол-дың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы 24 ақпан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қостанай облысы:
"Қостанай - Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
- "Қостанай - Әулиекөл – Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
- "Жақсы - Есіл – Бұзылық" автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы);
- "Жезқазған – Петропавл" автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу