Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық" трассасында қозғалыс шектелді

739

24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні республикалық маңызы  бар жолдарда көктайғақты болдырмау үшін қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілді. 

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық" трассасында қозғалыс шектелді Фото: alregn.ru

Оған 300-ге жуық арнайы техника, 400-ге жуық маман жұмылдырылды. Тасжолдарға 700 м3 көктайғаққа қарсы материал себілді.

Жетісу өңіріндегі ауа райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық" трассасының 84-184 км Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық жабылды. Бұл туралы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Түнде ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік құралдарының барлық түрі үшін Ақмола және Қостанай облыстарындағы республикалық автожолдардың төрт учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген болатын. Қазіргі уақытта аталған тасжолдардың учаскелері ашылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу