Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассаларда 400-ге жуық автокөлік жиналып қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бес күні бойы ауа-райының қолайсыз жағдайлары орын алуда: қардың көп түсуі, температураның күрт төмендеуі, кей жерлерде боран мен екпінді жел ұйытқып тұр.
Осыған байланысты Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы республикалық трассаларда автокөліктің кептелісі орын алды.
"Ауа райының қолайсыздығынан 400-ге жуық көлік жабылған тас жолдарда тұрып қалды", - деді Эксплуатация департаментінің директоры Дархан Сәкенов.
2023-2024 жж. қыс маусымының басынан бастап жолшылар 70-ке жуық көлік құралына көмек көрсеткен, 12 автокөлік жылы бокстарға жеткізілсе, 20-ға жуық азамат жылыту пункттеріне орналастырылыпты.