Ауа райының қолайсыздығынан Павлодар әуежайының жұмысы тоқтады

842

Ауа райының қолайсыздығынан Павлодар әуежайының жұмысы тоқтады

Павлодарда түнде жауған жаңбырдан кейінгі көктайғақтың артынан қалың қар түсті. Ауа райының қолайсыздығынан жергілікті әуежайдың жұмысы тоқтап, ұшақтар көкке көтеріле алмады, деп хабарлайды 24.kz.

Әуежай басшылығының мәлімдеуінше, жеті рейс кейінге шегерілген. Ал жауапты сала мамандары жағдайды тез арада реттейміз деп отыр. Павлодар әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдар мен көшені тазартуға 200-дей жұмысшы мен 120 арнайы техника тартылған. Бір тәулікте үш мың тоннаға жуық қар шығарылмақ. Қазір кеше жабылып қалған тасжолдарды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Өздеріңіз көріп тұрғандай, 10 сантиметрдей қар түсті, таңғы 7-ден бастап екі ауысыммен жұмыс істейтін шығармыз. Техникамен толық қамтылған, ең алдымен қоғамдық көлік жүретін орталық көшелерді тазалаймыз. Ақырындап, ары қарай жылжимыз. Қаланың орталығында көліктерін қалдырып кеткендіктен, бізге оларды айналып өтуге тура келеді, сол аздап қиындық тудырып тұр",- дейді "Горкомхоз-Павлодар" кәсіпорнының учаске басшысы Қанат Жаныспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу