Жолда қалып қойғандар үшін ҚТЖ қосымша 13 пойызды іске қосты

275

Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше тасжолда қозғалыс шектелді.  

Жолда қалып қойғандар үшін ҚТЖ қосымша 13 пойызды іске қосты

Осыған орай "Жолаушылар тасымалы" компаниясы азаматтардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін 13 қала маңындағы пойызды ұйымдастырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің сегіз өңірінде боран мен көріну деңгейінің нашарлауына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынды.

Қазіргі таңда келесі бағыттар бойынша қосымша пойыздар қатынайды:

Астана – Павлодар бағыты бойынша:

  • №7502 Астана – Павлодар
  • №6832 Астана – Павлодар

Павлодар – Астана бағыты бойынша:

  • №7501 Павлодар – Астана
  • №7509 Павлодар – Астана

Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша:

  • №6804 Атбасар – Астана
  • №6831 Астана – Жалтыр

Астана – Көкшетау бағыты бойынша:

  • №7515 Астана – Курорт Бурабай
  • №6830 Көкшетау – Астана
  • №7508 Көкшетау – Астана
  • №7516 Курорт Бурабай – Астана

Астана – Қарағанды бағыты бойынша:

  • №6858 Астана – Қарағанды
  • №6856 Астана – Қарағанды

Қарағанды – Астана бағыты бойынша:

  • №7553 Қарағанды – Астана

Қарағанды облысында жүздеген көлік жолда қалып қойған.

Полиция Қарағандыдан Теміртауға қарай 500-ге жуық автокөлікті, ал кері бағытта 300-400 көліктен тұратын колоннаны бастап діттеген жеріне жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу