ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы 8 ақпан күні сағат 12:40-та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
"РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Алматы – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 8 ақпан сағат 20:00 ашу жоспарланған.