Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

171

5 қаңтарда сағат 00:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды Фото: pixabay.com

Қызылорда облысы:

"Шымкент-Самара" 1240-1357 шақырым аралығында (Ақтөбе обл. шекарасынан Арал қаласына дейін)

Ақтөбе облысы:

"Шымкент-Самара" 776-1240 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін)

"Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-234 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін)

Қостанай облысы:

"Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" 234-310 шақырым аралығында (Ақтөбе обл. шекарасынан Адаевка ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Алматы облысы:

5 қаңтарда сағат 00:30-да республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" 25-67 шақырымда (Ақы алу пункты Қонаев қаласына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Барлық жолды 5 қаңтар сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу