banner

Ауа сапасын көрсететін экрандар орнатылды

648

Мұндағы ақпараттар күніне 3 рет жаңартылып отырады.  

Ауа сапасын көрсететін экрандар орнатылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская ауа сапасын көрсететін Led-экрандар туралы сөз қозғады. "Карантин кезеңінде сарапшылармен, экологиялық және түрлі қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге қоршаған ортаны, ауа сапасын жақсарту бойынша қысқа мерзімді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қаланың әр жерінде ауа сапасын бақылау үшін 10 автоматтандырылған кешен орнатылды. Осылайша алматылықтар ауа сапасын Led-экран арқылы біле алады", – деді спикер.

Наталья Ливинскаяның айтуынша атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат ақпараттық кешенге 26 датчиктен келіп түседі. Кейін ақпарат экраннан көрсетіледі. Олар күніне үш рет жаңартылып отырады. Қосымша тағы 10 мониторингтік кешенді іске қосу жоспарланған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу