Ауаның тым ластануынан Үндістандағы мектептер жабылды

2327

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласындағы мектептер 5 қарашаға дейін жабылады.   

Ауаның тым ластануынан Үндістандағы мектептер жабылды

Бұған ауадағы зиянды газдардың шамадан тыс көп болуы себеп. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Тұрғындардың айтуынша, қаланы соңғы 3 күннен бері түтін тұмшалап алған.

Ал смогтың жайылуына жақын маңдағы фермадағы өрт себеп. Жергілікті билік осы орайда мектептерді жабу туралы шешім қабылдады. 

25 қазанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия ауаның ластануына байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.

"Бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай. Ауа құрамындағы химиялық заттардың мөлшері шамадан тыс көбейіп кетті. Оның денсаулыққа тигізер зияны көп, әсіресе кішкентай балаларды уақытша үйден шығармау керек.

Ресми дерек бойынша, шаһардағы ауа ластануының деңгейі 500-ге жеткен. "Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш", - дейді мамандар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу