Аудан әкімдерін сайлау процесін жеделдету керек – Мемлекет басшысы

2577

Ол бұл сайлауға "Аманат" партиясы белсенді түрде қатысу керегін атап өтті.

Аудан әкімдерін сайлау процесін жеделдету керек – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аудан әкімдерін сайлау процесін жеделдету керегін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент өткен жылы елде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өткенін атап өтті.

"Бұл партияның жергілікті жерлерде белсенді түрде жұмыс істеуіне ықпал етті. Бүгінде еліміз бойынша 900-ден аса ауылдық округте әкімдері сайланды. Олардың – басым бөлігі партиямыздың мүшелері", – деді "Аманат" партиясының төрағасы.

Оның айтынша, жыл соңына дейін тағы 293 ауылдық округте сайлау өтеді.

"Алдағы уақытта біз аудан әкімдерін тікелей сайлаймыз. Бұл туралы мен өз Жолдауымда айтамын. Менің ойымша, аудан әкімдерін сайлауды ұзаққа созудың керегі жоқ. Бұл процесті жеделдету қажет... Осы сайлауға партия лайықты кандидаттарды ұсыну арқылы белсенді түрде қатысады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу