Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетін күн белгілі болды

526

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мәлімдеме жасады.

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетін күн белгілі болды Фото: aikyn.kz

Қазақстанда 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

"17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізімін бекітті, оның ішінде үш қала мен 42 аудан бар", - деді Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ сайлау өтетін күн белгіленді.

"Мәслихаттардың шешімдері негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау қарашаның бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді", - деді ол. 

Айта кетерлігі, кандидаттарды тіркеу 15 қыркүйекте басталып, сайлаудың өзіне 25 күн қалғанда – 10 қазанда аяқталады.

Сайлау науқанының негізгі мерзімінде кандидаттарды ұсынуға 20 күн, кандидаттарды тіркеуге 25 күн қарастырылған. Кандидаттарды тіркегеннен кейін бірден сайлауалы үгіт-насихат жұмыстары басталады, ол 24 күнге созылады.

Кандидаттарды ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу