Аудандардағы коммуналдық кәсіпорындардың шығыны көп

932

Аудандардағы коммуналдық кәсіпорындардың шығыны көп

Аудандардағы коммуналдық кәсіпорындардың шығыны көп, бұл туралы ҚР парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бүгін  парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Аудан орталықтары мен ауылдардағы инженерлік-коммуналдық кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар жекешелендірілуі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл – жылыту, сумен қамтамасыз ету, жол пайдалану қызметі, медициналық мекемелер мен спорт нысандары. Ауылдық жерлердегі тарихқа үңілсек, кезінде осы мекемелердің басым бөлігі жекешеленіп, нәтижесінде қирап, қаңырап қалған. Әкімшіліктер болса оны бұрынғы иелерінен сатып алып, қайта қалпына келтіруге мәжбүр болған", - деді ол.

Божконың айтуынша ауылдық жерлердегі көптеген коммуналдық кәсіпорынның шығыны көп.

"Жекешелендіру нысанның алдын-ала қаржылай-шаруашылық сараптамасына кейін ғана жасалу керек. Ауданның салалық ерекшеліктері ескеріліп, нысанның болашақ тиімділігі мен даму жолдары да қарастырылу қажет. Бюджетке түсетін салмақты барынша азайтып, тұрғындар үшін әлеуметтік және экономимкалық жағдайға қатысты қысым жасалмауға тиіс", - деді Божко.

Мәжілісмен атап өткендей, қазір ауылдық жерлердегі көптеген коммуналдық қызметтер қайтадан жекешелендіруге шығарылған. Олардың кейбірі қысқартылып немесе жекешеленіп кеткен.

"Жекешелендірумен бірге аудандық бюджетте  кететін қаржылай шығын көлемі толық қарастырылған болса түсінуге болар еді. Үкімет белгілеген нормативтерге сәйкес, жергілікті жолдар, су құбырларының мен әлеуметтік нысандардың сапасы, электр қуатының бағасы, көлік, жөндеу жұмыстарына және т.б кететін шығандар мен тұрғындардың төлеу мүмкіндігі ескерілуге тиіс", - деді мәжілістің вице-спикері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу