Аудандық ауруханаларға цифрлық рентген аппараттары қажет

719

Өңірлерге оттегі концентраторы мен медициналық газ жеткізу керек. 

Аудандық ауруханаларға цифрлық рентген аппараттары қажет

Үкімет басшысы Асқар Мамин "СҚ-Фармация" компаниясына тапсырма берді. Премьер-министрдің пәрмені шілде айының соңына дейін орындалуға тиіс. 

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және қаржы министрліктері шұғыл түрде өңірлерді көшпелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін! Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер 2 апта ішінде оттегі концентраторы мен медициналық газдардың өңірлерге толық көлемде жеткізілуін қамтамасыз етсін! "СҚ-Фармация" шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін. Сондай-ақ дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын! – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу