Аудандық сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды

1461

Судья сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан қомақты көлемде ақша алды деген күдікпен ұсталған.

Аудандық сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматының Бостандық ауданы сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Бостандық аудандық сотының төрағасын пара алды деген күдікпен ұстады",– делінген хабарламада.

Судья сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан қомақты көлемде ақша алды деген күдікпен ұсталған.

Жемқорлықпен күрес қызметінен судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға бас прокурордан келісім барлығы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу