Бұл жаңашылдық "сот жүйесі және судьялар мәртебесі" туралы заң жобасында көзделген. Құжатты Сенат екі оқылымда мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Судьялар қауымдастығы төрағалыққа кандидатты өзі ұсына алады немесе әріптестері беделді судьядан өзін-өзі ұсынуды сұрай алады.
"Бұл мәселені заңгерлер қауымы, кәсіпкерлер, судьялар көптен бері көтеріп келеді. Біз тек шалғайдағы және шағын соттар туралы айтып отырған жоқпыз. Елорда мен облыс орталықтарында 15 сот төрағасыз отыр. Электоратты енгізу бұл жағдайды өзгертеді деп ойлаймыз. Нәтижесінде ашықтық артады, мансаптық өсу жүйесі түсінікті болады. Ал Жоғарғы соттың судьяларын Сенат баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады", дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин.
Енді судьяларға қысым жасалмайды
Заң жобасының арқасында судьялардың тәуелсіздігі де арта түседі, өйткені оларға енді қысым жасалмайды. Бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал ете алатын тетіктері бар. Олар қылмыстық іссіз-ақ кез келген судьяға қарсы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқылы. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясын алса жеткілікті. Ал жаңа заңда тергеу мен тінтуді тек бас прокурордың санкциясымен жүргізу көзделген. Бұл кепілді Конституциялық заң деңгейінде бекітілмек.