Аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтар бойынша ашық есік күні өтті

1005

Аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтар бойынша ашық есік күні өтті

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында аудандық тұрғындарға сот қызметі жөніндегі сұрақтары бойынша ашық есік күні өтті, деп хабарлайды almaty.sud.kz.

Ашық есік барысында Бостандық ауданының №2  аудандық соттың төрағасы м.а Т.Құдабаевтың қабылдауында болған аудан тұрғындарымен түсіндіру сұхбатын өткізді. Азаматтардан, қылмыстық істің қаралу мерзімі, тәртібі туралы және жеке басына қатысты сұрақтар түсті. Азаматтардың қойылған барлық сұрақтарына жауап берілді.

Сотта осындай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсаты, құқық мәдениетін көтеру, тұрғындардың сот жүйесіне сенімін көтеру және де сот әділдігіне қол жетімділігі болып табылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу