Қымбат Досжан әлеуметтік желіде Жәнібектің бельгиялық анасымен болған сұхбатынан кейін көптеген сұрақтар келіп жатқанын және саудалаған әйелдің кім екенін анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірақ қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, жариялауға құқығы жоқ екенін жеткізді.
Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібекті сатқан әйелдің кім екені қаңтарда анықталған.
"Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. Сіздер ойлағандай 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы боп істеген",- дейді Қымбат Досжан.