Аударылып қалған вагондардағы жүкті қайта тиеуге әскерилер тартылды

1219

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қарағанды облысында темір жолда болған апаттық жағдайдың салдарын жоюға жәрдемдесуде. Оған жеке құрамнан 100-ден астам адам мен арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Аударылып қалған вагондардағы жүкті қайта тиеуге әскерилер тартылды

Естеріңізге сала кетсек, оқиға биыл 1 ақпанында орын алды. Жүріп келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен. Салдарынан теміржол төсемі, электр желілері зақымдалды. 

"Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін азаматтық міндеттерді шешуге жұмылдыру ел экономикасын одан әрі дамыту мақсатында ұлттық көлік инфрақұрылымының тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр,- дейді ведомстводан.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу