Audi АҚШ-та 4 млрд долларға зауыт салады

369

Reuters агенттігінің хабарлауынша, зауытта Q7, Q8 және Q9 модельдері құрастырылады.

Audi АҚШ-та 4 млрд долларға зауыт салады Фото: Bernd Weißbrod/dpa/picture alliance

Volkswagen AG концерніне кіретін немістің Audi компаниясы АҚШ-тың Джорджия штатында зауыт салуға 4 млрд доллар инвестициялайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорында жыл сайын 200 мың автокөлік шығарылады, деп жазады DW басылымы.

Audi басшысы Гернот Дёлльнер компанияның Мейкон қаласында марканың ең ірі әрі премиум санаттағы жол талғамайтын көліктерін өндіруді жоспарлап отырғанын айтты. 

Бұған дейін Audi АҚШ нарығына арналған көліктердің барлығын Еуропа мен Мексикадан жеткізіп келген. Трамп енгізген импорттық баж салығы компанияға 2025 жылы 1,2 млрд еуро шығын әкелді. Ал 2026 жылы Audi-дің АҚШ-тағы сатылымы 16%-ға төмендеді, деп жазады Reuters.

Трамп шетелдік компаниялардан өндіріс орындарын АҚШ-қа көшіруді талап етіп, әйтпесе жоғары кедендік баж салығын енгізетінін ескертіп келеді. Ал өндірісін АҚШ-қа көшірген компанияларға импорттық баж салығын алып тастауға уәде берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу