Audi-дің электрлі флагманы шығады

811

"Артемида" құпия жоба болғанмен, біраз жайттар белгілі болды. 

Audi-дің электрлі флагманы шығады

Британиялық Autocar Audi A8-дің электрлі баламасы болатын бірегей модель жайында ақпарат берді. 

A9 e-tron деп аталатын электрлі "ауди" жаңа флагманға айналады. Шанағын лифтбек категориясына жатқызуға болады. Audi-дің "тоғызыншысы" PPE платформасында құрастырылып жатыр. Өндіріске Porsche инженерлері қосылды. Электрокардың сырт пішіні 2017 жылғы Audi Aicon концептісіне ұқсайды. 

A9 e-tron 2024 жылы жарыққа шығады. Ол Mercedes EQS, Jaguar XJ және жетінші сериялы BMW-ның батареялы нұсқасымен бәсекелес болады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу