Түркістан облысының полицейлері арнайы рейд шарасы кезінде күдік туғызған көлікті тоқтатады. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының 649-шақырымында қозғалысы шектелген "Ауди" көлігін тінту кезінде погондылар көліктің артқы салонынан бір дана ақ қап пен бір полиэтилен пакетін табады. Оның ішінде өзіндік иісі бар өсімдік тектес есірткіге ұқсас зат болған. Көлік тізгіндеген Жамбыл облысының тұрғыны мен оның жерлесі дереу қамауға алынды.
"Сот сараптамасы қорытындысымен тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталған. Жалпы салмағы - 13 келіге жуық. Нарықтағы бағасы шамамен - 6,5 млн теңге. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі, яғни, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша қылмыстық іс тіркелді", –деді Түркістан облыстық Полиция департаментіне қарасты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Сартаев.