Аудит: Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқырудың 8 фактісі анықталды

442

84 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.    

Аудит: Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқырудың 8 фактісі анықталды Фото: Inbusiness.kz

350 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  өткен жылы 86 аудиторлық іс-шара өткізді. Сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражатының көлімі 21 миллион теңгеден астам теңгені құрады.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша жалпы сомасы 65 миллионнан астам теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 миллион теңге, рәсімдік бұзушылықтар  64 миллион теңгені құрады.

Департаменттің қаржылық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралары нәтижесінде 623 миллион теңге сомасында бюджет қаражаты есепке алынып, қалпына келтірілді және өтелді.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру мақсатында департаментпен мемлекеттік аудит объектілеріне 72 нұсқама жолданды.

2023 жылда өткізілген  аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша 84 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бақылау қызметінің қорытындысы бойынша 353 миллион теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырудың 8 фактісі анықталып, құқық қорғау органдарымен қарастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу