Аудитор есепшілері ондаған миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) 2023 жылы жүргізілген тексерулердің қорытындылары туралы айтып берді. 

Аудитор есепшілері ондаған миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады Фото: inbusiness.kz

Аудит барысында 82,1 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

"Сондай – ақ, мемлекет қаражаты мен активтерін 250,2 миллиард теңгеге тиімсіз пайдалану, тиімсіз жоспарлау – 202,3 миллиард теңге және рәсімдік сипаттағы 3 036 бұзушылық анықталды", - деп түсіндірді Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) өкілдері.

Жалпы, 2023 жылғы аудит нәтижелері бойынша, құқық қорғау органдарына 23 материал берілді. Соның ішінде, уәкілетті органдар 10,1 миллион теңге сомасына 39 жеке және заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілікке 119 лауазымды тұлға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу